«Қазақстан — 2050» — экономикасы дамыған қуатты мемлекет!

Spread the love

Елбасымыз Н.Назарбаев пен президентіміз Қ.Тоқаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясын орындаудағы табандылықтарының арқасында бүгінде еліміз экономикасы өскен, алпауыт елдердің қатарында. Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге ұлғаюы тиіс.

Бұл үшін не істеу қажет?

  • 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.

Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді  әзірлеуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, ДСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қазақстанның, Ресей мен Беларусь, Армения мен Қырғызстанның қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды. Жиынтық ЖІӨ-сі 2 трлн. АҚШ доллары болатын, 170 млн. тұтынушыны біріктіретін осынау ауқымды нарық біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретуі тиіс. Бұл ретте осынау экономикалық- интеграциялық үдерісте Қазақстан өз егемендігінің бір мысқалын да жоғалтпайды.

  • Біз экспортқа бағытталған  шикізаттық  емес  секторды  кеңейтуге  негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз.
  • Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауға тиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет.
  • 2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш  қызметтерінің  әлемдік  нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс. Мен Астанадағы ғарыштық аппараттар құрастыру-сынақтан өткізу кешенін, қашықтан зондтау ғарыштық жүйесін, ғарыштық мониторинг пен жердегі инфрақұрылымның ұлттық жүйесін және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесін айтып отырмын.
  • Екі жетекші инновациялық кластерді – Назарбаев Универститетін және Инновациялық технологиялар паркін дамытуды жалғастыру керек. Бізге төменкөміртекті эконо-микаға жедел көшу қажет. «Жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматының маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынамын. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады. Қазір мен еліміздің Үшінші индустриялық революцияға дайындығының шарты болып табылатын ең принципті мәселелерді атадым.

Медиаон ақпарат

316 сөз

 

 

«Казахстан-2050» — это сильное государство с развитой экономикой!

Благодаря мудрой политике Главы государства Н.Назарбаева и нашего президента К. Токаева, наша страна сегодня является одним из самых развитых стран мира. Доля несырьевого экспорта в общем объеме экспорта должна увеличиться в два раза к 2025 году, а к 2040 году-в три раза.

Что для этого нужно сделать?

  • К 2050 году Казахстан должен полностью обновить свои производственные активы в соответствии с новейшими технологическими стандартами.

В наиболее конкурентоспособных отраслях мы должны активно разрабатывать стратегию формирования новых рыночных ниш для отечественных производителей. Это позволит избежать возможных разлагающих эффектов обратной индустриализации, особенно с учетом перспектив вступления в ВТО.

Отечественные товары должны быть конкурентоспособными. Начат практический этап формирования Единого экономического пространства с участием Казахстана, России и Беларуси, Армении и Кыргызстана. Совокупный ВВП составил 2 трлн. США, 170 млн. долл. этот масштабный рынок, объединяющий потребителя, должен научить наш бизнес конкурентоспособности. При этом в этом экономико — интеграционном процессе Казахстан не теряет ни одного значения своего суверенитета.

  • Мы должны развивать новое производство, основанное на расширении несырьевого сектора, ориентированного на экспорт.
  • Мы должны направить государственную программу форсированного индустриально-инновационного развития на импорт промышленных мощностей и обмен технологиями. Для этого нам нужна подпрограмма создания и развития совместных международных компаний и выгодных для страны партнеров.
  • К 2030 году Казахстан должен расширить свою нишу на мировом рынке космических услуг и довести до логического завершения ряд начатых проектов. Я имею в виду сборочно-испытательный комплекс космических аппаратов в Астане, космическую систему дистанционного зондирования, национальную систему космического мониторинга и наземной инфраструктуры и систему высокоточной спутниковой навигации.
  • Продолжить развитие двух ведущих инновационных кластеров – Назарбаев Университета и Парка инновационных технологий. Нам необходимо срочно перейти на низкоуглеродную эконо-Мику. Предлагаю создать международную организацию» Зеленый мост», а также начать реализацию проекта Green4 в четырех городах-спутниках вокруг Алматы. В Астане будут представлены лучшие мировые достижения науки и техники. Многие казахстанцы смогут увидеть «энергию будущего», которую мы держим. Сейчас я назвал наиболее принципиальные вопросы, которые являются условием подготовки страны к третьей индустриальной революции.

Медиаон информация

322 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *