Басты бет > Қоғам > Азаматтардың құқықтары жөнінде

Азаматтардың құқықтары жөнінде

Әрбір адам туылғанынан бастап белгілі бір мөлшердегі (материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан да бұл игіліктердің мөлшері ма­териалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеумет­тік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы күрт өзгерістер, өркениет өзге­шелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан-жақтылық белгісін берген жоқ.

Дегенмен 5-6-ғасырларда ежелгі полюстерде демокра­тия идеясы мен азаматтық қағидалары алғаш рет дүниеге келген жерде (Афины, Рим) адам құқықтары тұжырымдамасының пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкен қозғалыс болды.

Ежелгі полюсте азаматтық пен саяси құқықтар байланысты болды: бостандық, мемлекеттік істерді шешуге арналған құқық, әділеттілікті орнатуға қатысу құқығы және т.б. Сонымен қатар, мұндай құқықтарды қара жұмыспен айналыспаған адам ғана иеленеді.

Адамдар құқықтардың кейбiр мемлекеттерде шектеулі болатындығына қарамастан, мұндай институт барлық кезде қоғам мен мемлекеттiңөркениетi жолментұрақты дамуына толық оң ықпал жасайтындығысөзссiз.Ендi жалпы адам құқықтары мен оны қорғаудың тарихи қалыптасу мен даму кезеңдерiне қатыстыбiрер мәселелергетоқталып өтелiк.Мәселен сонау ертеректе заңдылыкқа ерекше көңіл бөлiгенi белгiлi, мысалы азаматтық және адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске деген қамқорлығы сол кездiң өзiндетеория жүзінде пайда бола бастағаны белгi (Платон, Сократ, Аристотель, Перикл және басқалар). Кейiнненқоғамның дамудың келесі кезеңдерi адам құ­қықтары мен заңның үстемділiгiнiңбір-бірімен тығыз байланысты екендiгi айқындала бастады.. Бұл ежелгі ойшылдардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы қарқындыдамуының басты белгісі бола бастады деуге болады. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтарына жаңа қасиет бере отырып, ол субъектілердің жаңа топтарына таратылды. Әриенбұлтаптардың, сословиелердің өз құқықтары үшін, бостандықтары үшін әрi олардың өздерiнiңбаюы үшін болған күрес екендiгi айтпасада түсiнiктi.

Медиаон ақпарат