ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Spread the love

25-30 сәуір аралығында 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Сарыағаш қаласындағы «Ustudy» орталығы базасында өтіп жатыр. (барлық санитарлық талаптар сақталған). Республикалық кезеңге Түркістан облысынан жалпы саны 83 оқушы, оның ішінде: қоғамдық-гуманитарлық бағытынан 36, жаратылыстану-математикалық бағытынан 47 оқушы қатысты.

Олимпиада тұңғыш рет жаңа форматта «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін және қатысушыларды отырғызу кезінде пәндер мен сыныптарды «араластыру» әдісін қолданған.

Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін олимпиаданың өту барысы онлайн режимде көрсетілді және бейнетрансляцияға сілтеме «Дарын» РҒПО аккаунтында және әлеуметтік желілерге ұсынылды.
Сондай-ақ, олимпиаданың өту барысын «Сарыағаш Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің мүшесі бақылап отырады.

26 сәуірде олимпиаданың 1-ші туры,
27 сәуір күні 2-ші туры өтті.
Қатысушылардың әрқайсысы тапсырманы «Дарын» РҒПО-ның интернет ресурсынан жеке код арқылы алды, әр тур аяқталған соң оқушылардың жұмыстары сканерленіп, орталыққа жіберілді.
Әрбір тур аяқталған соң қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» РҒПО-ның интернет ресурсында олардың жеке деректерінсіз жарияланып отырды.

Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және олимпиаданың нәтижелері көрсетілген хаттамалар «Дарын» РҒПО-ның сайтында жарияланатын болады.
Олимпиада барысында академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерге «Дарын» РҒПО-ның жауапты мамандары жіберілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *