Тарихы терең – Тәуелсіз Қазақстан!

Spread the love

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы  келесі ірі оқиғалардың бірі — 1997 жылдың 10 желтоқсанында шыққан ҚР Тұңғыш Президентінің қаулысымен «1998 жыл — Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. Қаулы аясында, республикалық ономастикалық комиссияға жерді-мекендердің атауларын ретке келтіру, облыстық және, Ақмола мен Алматы қалаларының тарихи маңыздылығы бар ескерткіштерді қалпына келтіру және құрастыру бойынша іс-шараларды орындау сияқты тапсырмалар берілді. Нәтижесінде, көптеген археологиялық экспедициялар, деректерді жинақтау бойынша шетелдік іс-сапарлар, мерейтойлық мерекелер өткізілді. 2003 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны ұсынды. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан тарих ғылымында ол ең ірі құбылыстардың бірі болып саналады. Посткеңестік елдерде қазақстандық бағдарламаға тең болатындай сондай ауқымды іс-шаралар болмаған да еді. Бағдарлама елдің тарихи-мәдени мұрасының зерттелуіне, қалпына келтіруіне және сақталуына, сондай-ақ әдет-ғұрыптардың жандануына, Қазақстанның мәдени мұрасын шетелге танытуына және насихаттауға, мемлекеттiк тiлде әлемдiк ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi негiзiнде гуманитарлық бiлiм берудiң толымды қорын жасауға бағытталып, жоғары нәтижелерді көрсетті. Ал 2012 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жұмысын жалғастыру жайлы ой-тұжырым айтып, 2014 жылы «Мәңгілік ел» ұлттық идеяны ұсынды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *