Тәуелсіздіктің мәртебесі биік!

Spread the love

Тəуелсіздіктің шынайы мəртебесін күшейту жолында Елбасымыз қазақ ұлты мен мемлекет тағдыры талқыға түскен сын сəтте ерекше күш-жігер көрсетіп, егемендіктің еркін тынысына қол жеткізген қастерлі құжаттың негізгі жобасын қорғап шықты. Қазақстанда кең көлемді саяси жаңару бағдарламасы қолға алынды. Мұның бəрі Қазақстан əлеуметтік, экономикалық жəне саяси дамудың үлкен бір кезеңін артқа тастап, сапалық жаңа сатысына көтерілгенінің айғағы еді. Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тəуелсіздігіміздің мəні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өскелең өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сарыарқаның сайын даласында қала салдырып өркениеттерді тоғыстырды, көне тарих сабақтарынан тағлым алудың үздік үлгісін көрсетті. Бүгінде халқымызды ұлттық тəуелсіздік идеясының бастау бұлағы – Астана болғаны тарихи шындық. Ол арманды ақиқатқа айландырды. Бабалар қалдырған бүгінгі қазақ жері – басты байлығымыз өз игілігімізге айналды. Бүгінде Қазақстан Республикасының іргелі ел екендігін бүкіл əлем мойындады. Əлемде территориясы бойынша тоғызыншы орында тұрған жəне түрлі ұлттардың отаны болған Қазақстанда 40-тан астам конфессия арасында діни төзімділік пен толеранттық орнатылған. 2001 жылы Рим папасы Иоанн Павел II жəне басқа да дін басшыларының Қазақстанға ресми сапармен келулері ұлттар арасындағы діни толеранттығының үлкен айғағы болып табылатындығын дəлелдейді. Жер бетінде тарыдай шашырап жүрген қандастарымыздың елімізге оралуы, əлем діни бірлестіктері мен конфессиялар басшыларының бір шаңырақтың астына жиналуы, еліміздегі сандаған ұлт өкілдерінің ынтымақта өмір сүруі, тіпті сырттан келуші инвесторлардың еш нəрседен қауіптенбей экономикамыздың көркейуіне қаржы жұмсауы сайып келгенде Елбасымыздың ұлтқа деген адалдығы.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *