ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АРҚАСЫНДА ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ АСА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Spread the love

Тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жылда Түркістан өңірінде аса маңызды жобалар жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг кезінде айтты.
«Биыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы.
Тарих көзімен қарағанда, аз ғана мерзімде жаңашыл мемлекетіміздің негізі қаланды, қоғамдық сана жаңғырды, Отанымыз өркендеді. Алған асуларымыз мен шыққан биіктерімізді Елбасының есімімен бірге айтудың тарихи негізі бар. Тәуелсіздік жылдарда жалпы халықтың әл-ауқаты жақсарды. Әр өңірде ірі жобалар іске асырылды. Мәселен біздің өңірде ірі экспорттаушыларға айналған «Кентау трансформатор зауыты», «ҚазақБитум», «Күйдірілген кірпіш өнімдерін шығаратын Бөкей», «Нимекс мақта тазалау зауыты», «Мақта өңдеу зауыты», «Ордабасы құс фабрикасы», «Құрғақ түйе ұнтағын шығаратын Golden Camel», «Балық өнімдерінің өндірісі Хамит и К», «DalaFruit» сияқты компаниялар құрылды. Бұл экономикалық өсімнің жарқын көрсеткіші болды. Бұдан басқа 300-ге жуық кәсіпорын ашылып, онда 23 мыңға жуық адам жұмыс атқаруда», – деді облыс әкімі.
Өмірзақ Шөкеев индустриалияландыру жылдары (2010-2020 жж.) 140,5 млрд. теңгеге 122 жоба іске асырылып, 7 340 тұрақты жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Индустриалияландыру картасы аясында жобаларды іске асыру бұрын өзімізде өндірілмейтін және негізінен экспортқа бағытталатын 12 өнім түрі бойынша өндірісті дамытуға мүмкіндік берді.
«Кеңестік заманда жүзеге аспай, арманға айналған жобаларды атап айтсақ, Сырдария өзенінен «Тәуелсіздік көпірі» салынды. Бұл көпірдің маңыздылығы – Өзбекстанмен шекаралас орналасқан Жетісай және Мақтаарал аудандарын республикалық А-15 автожолымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік берді. Бұған қоса, Жетісай мен Мақтаарал халқын Шардара су қоймасы арқылы облыс орталығымен байланыстыратын «Арнасай айналма жолы» пайдалануға берілді. Ташкент, Алматы және Қызылорда бағытында «Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік көлік дәлізі» салынды. Түркістан облыс орталығына айналды. Бұл – Тәуелсіздіктің айтарлық бір жемісі деп санаймыз», – деген өңір басшысы Сырдария бойындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін «Көксарай» су реттегіші мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ магистралының салынуын да тәуелсіздіктің ең үлкен жемістері деп атады.

MediaON ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *