Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанда жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Spread the love

Елбасы жастармен кездескенде жер байлығына емес, ең бастысы – ел байлығына сену қажеттігін үнемі ала тартады. Мемлекет үшін басты капитал адам болса, ел байлығы – білім, жаңа технология, заманауи инфрақұрылым, берік те тұрақты отаншылдық сезім екенін айтады. Сондықтан Елбасы ең қайтарымды, ең ізгі капитал – жастардың заман талабына сай білім алуына жұмсалған қаражат деп танып, білімді жастарды «Болашақ» бағдарламасымен дамыған шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарына оқуға жіберіп отырады. Қазір де бұл үрдіс толастаған жоқ. Бұрын данышпан Абай: «Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы» деп жырласа, бүгіндегілер: «Шет елдерде оқып жүр, талай қазақ баласы» деп жар салатын болды. Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанда жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқын дәйекті түрде ең жоғары әлемдік көрсеткіштерге жетуге бағыттап келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына кіруге қабілетті Қазақстанның қуатын нығайтуға бағытталған жоспарлар. Біздің бәсекелес болатын бірегей басымдықтарымыз – Қазақстанның мол табиғи байлығы, ауыл шаруашылық, коммуни­кациялық және транзиттік әлеуеті еліміздің эконо­ми­калық жетістіктерінің негізіне айналды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *