Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, саяси, экономикалық, қоғамдық қатынастардың барлық негізгі салаларын қайта жасақтауы елімізде бизнес саласын қайта қарауды, соның ішінде мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті қарқынды дамытуды талап етті. Дегенмен аталған салада тәуелсіздік алған жылдардан бері қордаланып келе жатқан өзекті проблемалар баршылық. Әсіресе аймақтардағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы жұмыстарда қазіргі күні орын алып отырған кемшіліктерді атап көрсетуге тырысамыз. Жалпы бизнесті дамыту кез келген мемлекет үшін маңызды. Бизнесті дамыту (кейде Кәсіпкерлікті дамыту, ағылшын тілінде — Business development) дегеніміз ұйымдар ішінде және ұйымаралық міндеттер мен процестерді дамыту мен жүзеге асыруға талпыну . Бизнесті өркендету арқылы мемлекеттің экономикасы алға жылжиды, өркендейді. Себебі, бизнесті дамыту әдетте бизнес, коммерция және ұйымдасу теориясы салаларының негізгі тақырыбы. Бизнесті дамыту дегеніміз клиенттерден, нарықтан және қарым-қатынастардан мәлім ұйым үшін ұзақ мерзімді құндылықтар қалыптастыру. Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары — бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем.

Медиаон ақпарат

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *