Тәуелсіздік және Елбасы

Spread the love

Алып Кеңес Одағы тарағаннан кейін оның орнында пайда болған мемлекеттердің барлығы ортақ дағдарысты басынан кешірді. Қалыптасқан орталықтандырылған жүйе ыдырады, зауыт-фабрикалар күйреді, балабақшалар мен мектептер, спорт ғимараттары мен мәдениет орталықтары жабылды. Экономика күрделі жағдайға тап болып, халық күйзеліске ұшырады. Жұрт бойында ертеңгі күнге деген сенімсіздік пайда болып, үрей биледі. Ел аумағында халық арасында бүлік салуға тырысқан түрлі ұйымдар бас көтере бастады. Осы бір «қарағай басын шортан шалған» кезеңде Елдікті, Егемендікті сақтап қалуды, алды­мен соны иеленуді, татулықты, бірлікті тегеурінді тірек ету – Отандық, мемлекеттік биік дәрежеде ұстап тұру Елбасы үшін сын болғаны баршаға мәлім. Елбасы Н.Назарбаев қиындыққа мойымады. Өзінің табиғи дарындылығы мен көрегенділігінің арқасында бар күш-жігерін жас мемлекеттің еңсесін көтеруге, даму көшін түзетуге бағыттады. Тарихта ұлы тұлғалар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрі­нетіні белгілі. Өйткені, олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қаты­наса отырып, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше, өзгерістердің оң бағытта дамуына бақылау жасап, оқиғалар барысына, өрбу бағытына өзіндік жеке, шешуші рөл қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп, уақыт өте ұрпақтар алдында биікке көтеріле береді. Қазақ халқының тарихында осындай адамның бірі де бірегейі Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев екендігі даусыз.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *