Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін бүкілхалықтық сайлау болды. Сайлауда айқын басымдылықпен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті.  Бүкілхалықтық жиналыстың дәстүрі – көшпенді демократияның өзіндік элементі, онда әр адамның сөзі беделді болып, барлығы үшін маңызды мәселенің соңғы шешіміне әсер еткен. Халықтың ойын білдірудегі осы форманы қолдану сол кезде қазіргі саяси институттар дәстүрінің дамымауын, олардың қызмет ету нормаларының әзірленбеуін, шамалы саяси қатысушылық пен саяси ой-сананың енжарлығын түсіндірді. Осындай жағдайда референдум халықтың көзқарасын есептеуде ең қолайлы және де сенімді тетік болып табылады. Сол себептен, бүгін біз өзіміз қабылдаған заңдар бойынша он бес жыл тұрып келеміз деп айтуға болады. Тәуелсіздіктің  1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билік жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды. Осымен Республикада басқарудың президенттік формасын бекіту туралы конституциялық ереже белгіленген. Басқарудың президенттік формасы объективті фактілермен қабылданды. Республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ҚазКСР Президентімен ұсынылған атқарушы билік бағыты мен Жоғарғы Кеңес атынан заң шығарушы билік арасында қарама-қайшылық туды. Мемлекет өзіндік «аралық» сипатта болып, кеңес типтегі президенттік республика атанды. Бұл қоғамның саяси негізінің халықпен сайланатын билік органдары – Кеңестер (Жоғарғы Кеңес және Жергілікті деңгейлердегі Кеңестер) және республиканың Жоғарғы Кеңесінің бақылауымен биліктің өзіндік вертикалін  қалыптастырған, Президент арасында бөлінуін және жікке бөлінуін білдіреді.

Медиаон ақпарат

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *