Тәуелсіздік баға жетпес – Халқымыздың байлығы!

Spread the love

1991 жылғы 16 желтоқсан – ел тарихының елеулі күні. Дәл осы күні ҚР Жоғарғы кеңесінің №1008-XII қаулысымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған еді. Атаулы күн бүгінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні ретінде мемлекеттік мерекеге айналған. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Казақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдаған сәтінен бастау алады. Президенттік билікті енгізу арқылы Кеңес одағының құрамында болған Қазақстан егемендікке нық қадам басты. Дәл осы уақытта Жоғарғы кеңес Қазақ КСР коммунистік партиясы орталық комитетінің алғашқы хатшысы болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақ КСР Президентінің лауазымына тағайындайды. Мемлекет басшысы ретінде Н.Ә.Назарбаевтың алғашқы шешімі «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны жүйелеумен байланысты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Декларация жобасын қарастыру ісіне белсенді қатысады. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін бекітудің бастамасы болған құжат кеңес кеңістігінде етек алған экономикалық, саяси дағдарыстың тұсында әзірленді. КСРО Жоғарғы кеңесінің басшылығы «Мемлекеттік егемендік туралы» Қазақстан декларациясын қабылдауды көпке дейін созғаны белгілі. Сондықтан саяси-құқықтық құжатты дайындау ұлт ар-ожданы үшін маңызды іс болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *