Тәуелсіздік алған Қазақстан елінде дипломат болып жұмыс жасау үшін қандай талаптар қойылды?

Spread the love

Үміткерлерге жоғары білімі туралы дипломының болуы, бір шет тілін білуі және жұмыс өтілінің болуы сияқты талаптар қойылды. Әңгімелесу бір шет, қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Үміткерлер қатарында ғылым докторлары мен кандидаттары, жоғары оқу орындарының оқытушылары және ғылыми қызметкерлер болды. Жарты жылда министрлікке 187 адам жұмысқа қабылданды. Тәуелсіздіктің алғашқы екі жылында шетелдерде Қазақстанның 17 елшілігі ашылды. Кәсіби дипломаттардың тапшылығынан шет елдерге елшілік қызметке түрлі қызметтерде әбден ысылган, көпшілікке белгілі мемлекет, партия және қоғам қайраткерлері, ғалымдар жіберілді. Мәдениет министрі Қанат Саудабаев Түркияға, Экономика министрі Тілеухан Қабдірахманов Францияға, Талдықорған облысының әкімі Сағымбай Тұрсынов Германияға, ақын Мүхтар Шаханов Қырғызстанға, мемлекет қайреткері Мырзатай Жолдасбеков Иранға, ғалым Мұрат Әуезов Қытайға, өндіріс саласының маманы Әкім Жаңбыршин АҚШ-қа, бұрынғы кеңес кызметкері Ю.А.Клочков Украинаға, Сайлау Батыршаұлы Өзбекстанға, Ибрагим Аманғалиев Әзірбайжанға, бұрынғы партия қызметкері В.Б. Темірбаев Ресей Федерациясына, Болатхан Тайжан Египетке, өндіріс маманы, әрі ғалым Әуесхан Қырбасов Бельгияға, Сәлім Құрманғожин Венғрияға, ғалым Мұхамеджан Исаев Үндістанға елшілер етіп жіберілді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның алғашқы елшілерінің қатарында С. Батыршаұлы, Б. Тайжанов, С. Құрманғожин және И. Аманғалиев қана арнайы дипломатиялық білімі мен тәжірибесі бар кәсіби мамандар болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *