Тәуелсіздік — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты

Spread the love

1990 жылғы 25 қазанда Қаз КСР Жоғарғы кеңесінің ХІІ шақырылымында «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданып, тәуелсіз дамуға Қазақстанның алғашқы қадамы басылды. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» декларация мен 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң Қазақстанның мемлекеттік егемендігін рәсімдеуге мұрындық болып, тәуелсіз елдің конституциялық-құқықтық негізін қалады. Отыз жылда жазылған халқымыздың тың тарихы, ел егемендігі мен тәуелсіздігінің шежіресі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ел тәуелсіздігі тар, тайғақ жолмен келді. Елбасының өзі атап өткендей, «осы жылдар ішінде Қазақстан талай қиындықты артқа тастады, мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін басқа мемлекеттер едәуір көп уақыт құртқан еді». Тарихи қысқа мерзім ішінде халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қызметтің барлық саласында – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, әлеуметтік мемлекет құруға қарай қозғалыс, мемлекеттік егемендікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту сықылды орасан зор табыстарға қол жеткізді. Қазақстанның нарықтық экономикасы бар тәуелсіз мемлекет ретінде өмір салтының, ойлау мен іс-әрекеттің түбегейлі өзгеруі есебінен қалыптасты. Елбасының саясаты «алдымен экономика, содан кейін саясат» іргелі қағидаты бойынша елді дамытуға бағытталды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *