Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістігінің бірі — «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жолдады

Spread the love

Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммите адамзат баласына «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жолдады. Осы арқылы елбасы бүкіләлемдік бейбітшілік бастамасын көтеріп, жаһан жұртын орны толмас өкінішке ұрындыратын  қақтығыстар мен қырғындардан сақтап қалу қажеттігін айтты. Соғыс вирусының өршуіне жол бермеу арқылы ғана ядролық қауіпсіздікті нығайтуға болатынын баяндаған Нұрсұлтан Назарбаев әлем мемлекеттерінің бас­шы­­ла­рын соғысқұмарлықтан бас тартуға шақырды. Дүниежүзі «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» бағдарламасын қабылдау керек екенін алға тартқан Тұңғыш Президент ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндетін орындай алмай отырғанын айтты. «Жойқын қару террористердің қолына түссе, әлемде орны толмас апат орнайды», – деді Елбасы. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Енді осы құжат бейбітшіліктің жаршысы ретінде адамзат баласына қызмет етеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *