2000 жылдың 16 қазанында мен Қазақстан халқына «Еркін, тиімді және  қауіпсіз қоғамға қадам» атты Жолдауын Елбасымыз Н.Назарбаев жариялады. Тұңғыш президентіміз 2000 жылғы өндіріс пен сауда айналымының өсімі жөнінде айта келе, 2001 жылы бюджеттік мекеме қызметкерлерінің айлығы 30-40 процентке көбейтілетінін хабарлады, сонымен қатар кәсіпкерлерді де жеке секторларда еңбек ететін  қызметкерлердің жалақысын көтеруге шақырды. Адамдар өмірдегі оң өзгерістерді толық сезінетін және жүріп жатқан реформаның жемісін жейтін уақыт жетті. Халықтың табысын нақты ұлғайтуды және адамдардың тұрмыс  жағдайын жақсартуды көздейтін бұл ұстаным бүкіл қоғам тарапынан қызу  қолдау тапты.  Сондай-ақ таяудағы бес жылда жүзеге асырылуға тиісті бірнеше  индикативті мақсат белгіленді: ІЖӨ деңгейін 30 процентке, еңбекақы  көлемінің өсу қарқынын кемінде 25-30 процентке арттыру, ақшаны жылдық инфляциясын 4-5 процент көлемінде ұстап тұру, ІЖӨ-ге шаққанда салық түсімінің көлемін 25 процентке өсіру көзделді. 1990 жылдардағы қиыншылықтар артта қалып, біз экономикалық өсу кезеңіне қадам  бастық. 2001 жылғы Жолдау 2000 жылғы Жолдаудың заңды жалғасы іспетті еді.  Әлеуметтік-экономикалық салада тұрақты әрі бәсекеге қабілетті экономика құру, ІЖӨ-ні екі есеге өсіру, халықтың жағдайын едәуір жақсарту  міндеттері алға қойылды. Мемлекеттік құрылыста – билік тармақтарының  өзара қарым-қатынасын жетілдіре түсу және жоспарлы түрде орталықсыздандыру, сайлау процесін жетілдіру көзделді. Сыртқы саясатта – экономикалық ықпалдастыққа бет бұру, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы  орнын нығайту, аймақтық қорғаныс жүйесіне белсенді қатысу, шекараны  межелеу шараларын аяқтау, еліміздің ақпараттық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.

Медиаон ақпарат

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *