Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері

Spread the love

Қазақстан ата-бабамыздың мекен еткен ежелгі қонысы.Елімізде сан түрлі ұлттардан құралған ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп,тұрып жатыр,яғни біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты , мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Біз бүгінде бүкіл әлем , қызыға да, қызғана да көз тігіп отырған тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткерді. Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Евразияның ұлы көшпенділер өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз.Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа Қазақ даласы арқылы , Үндістан мен Иранға, Еділ мен Кавказға, Европа мен Қытайға, Қырымға арийлер, ғұндар, сақтар, түркілер, қыпшақтар, маңғолдар ағылды.Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды. Алайда, тағдырдың талқысымен қазақ елі дербестігінен айырылып, Ресей империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930-жылдардан бастап , тоталитарлық жүйе халқымыздың тілі мен өмір салтына , тарихы мен мәдениетіне орасан зор зиянын тигізді. Одан кейін нәубәт шалған ашаршылық заман қойдай жуас халқымыздың есігін керіп тұрды. Қазақта «Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды»,- дейді.Тарихқа жүгінсек кеше ат үстінде жүрген қазақ дүниені дүр сілкіндірген зор замандарда торда қамалған торғайдай халқы үшін «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»-жоқ деп желтоқсан талқанында бел шешіп күрескен.Ызғары ерте түскен сол қыстың қаһарлы күндерінде әділетсіздікпен бетпе-бет кездескен , әлі буыны да қатып үлгермеген марқұм Сабира , Ләззат , Қайрат сынды жастар қаншама еді. Ия, еліміздің тәуелсіздігі үшін бұлар не көрмеді? Ләззат сияқты қаракөз қыздарымыздың шашынан тақымға іліп көкпардай сүйресе,осы дүрбелеңнің салдарынан аяусыз соққыға ұшыраған Қайрат Қорлай да беріп қайтадан, Бөтен қолда кетпесін,-деп өзінен кейінгі бейкүнә ұрпақ өкілдеріне ұрандата кетті.Жас өмірдің қаншама қыршын гүлдері қиылып түсті.Тәуелсіздіктің азабын өздері тартап , ғажап күндерін бізге сыйлап кетті. Санамалап айта берсек , бұл жылдарда тындырылған іс жетіп артылады. Бәрін де заң жолымен шешетін құқықтық ,зайырлы мемлекетке айналдық. Бабамыздың табаны тимеген жерге ,баламыздың қаламы тиіп, құрлық асып білім алатын дәрежеге жеттік. Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік,бүкіл дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жасап, күллі әлемге татулық пен бірлікті паш еттік. 2017 жылы әлем халқының назарын «ЭКСПО -2017 көрмесі » арқылы өзімізге аударғалы отырмыз. Олимпиада чемпиондарын дайындап, дүниежүзіне әнұранымызды тыңдатып,көк байрағымызды көкте шарықтаттық. Елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол атты » жолдауында : «Тәуелсіз елді болашаққа бастап барар жалынды жастар сендерсіңдер , мен сендерге сенім артамын»-деп бізге зор сенім артып отыр. Халық алдындағы сенімді ақтау үшін аянбай еңбек етіп, еліміздің еңсесі биік болуы үшін биік шыңдарды бағындыруымыз шарт.Толассыз қанмен, ащы термен келген азаттықты сақтап қалмасақ , елдігімізге сын. Тәуелсіздіктің жемісі тәтті болғанымен, еңбегі қатты болғанын ұмытпауымыз керек .Алла таяудағы жүз жылдық , әрідегі мыңжылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *