Тәуелсіз Қазақстанда: САЯСИ ЖҮЙЕНІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Spread the love

Жалпы анықтама бойынша, жаңғырту дегеніміз дәстүрлі қоғамнан (аграрлық, патриархалды мәдениеттен және қатаң бекітілген әлеуметтік иерархиядан) ірі машиналық өндіріс пен заңдарға тіренген қоғамдық үдерістерді оңтайлы басқаруға негізделген индустриалды қоғамға көшу үдерісі болып табылады. Әдетте бұл жағдайда қоғамның индустриалдық батыс моделімен жанасатын дамушы елдер кіреді. Теорияда жаңғырту түсінігімен индустрияландыру, секуляризациялау, урбанизациялау, жалпыға ортақ білім беру жүйесінің құрылуы, өкілеттілік саяси үкімет, кеңістіктік және әлеуметтік мобильділікті күшейту және т.б. «дәстүрлі жабық қоғамға» қарсы «қазіргі заманғы ашық қоғамды» қалыптастыруға тартатын үдерістер жиынтығы анықталады. Қазіргі заманда көптеген елдер қоғамның көшу проблемасын саяси қарапайымнан саяси өмірдің күрделірек ұйымының формаларына көшу арқылы шешеді. Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен басқа түріне көшу «саяси даму» немесе «саяси жаңғырту» терминдерімен анықталады. Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің (қазіргі заманға икемдеу) белгілі бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын қамтамасыз ету. Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады. Ал бастысы – мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді құрайтын өзгерулерді құрайды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *