Тәуелсіз Қазақстанда саяси жүйенің дамуы!

Spread the love

Бұдан кейінгі жылдары Тəуелсіз еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі демократиялық-құқықтық реформа жасалып, ол конституциялы, институциялық-құрылымдық, мазмұндықфункциялық терең өзгерістерге түсті. Тəуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесінде көппартиялық институттың пай — да болуы елде азаматтық қоғам қалыптасуының маңызды белгісі болды. Саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болып, дамуы қоғамның саяси жүйесінің пəрменділігін көрсетеді, мемлекеттің демократиялық табиғатының нығаюының маңызды факторы болып табылады. Осылай, Еліне елеулі істерімен танылған Елбасыға халқы 1999 жылдың қаңтарында жəне 2005 жылдың желтоқсанында да сенім білдірді. Өткен жылы өзінің президенттік мандатын жеті жылға жалғастырған Елбасы өзінің жаңа Жолдауында «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ел Президенті 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына ену міндетінен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының 10 басты басымдылықтарын айқындап берді. Осындай əлеуметтік жаңғыртудың Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық жəне кəсіптік одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның барлық патриоттарының қызметіндегі ортақ мəселе екендігіне ерекше тоқталған болатын. Олай болса баршамыз Ұлы Отанымыздың бақуатты болуына бірге атсалысайық!

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *