Тәуелсіз Қазақстанда – өндіріс ошақтары қалпына келді

Spread the love

Өндіріс ошақтары қалпына келтірілді. Елбасы шетелдік тәжірибе мен білімнің пайдасын тез ұғып, талантты жастарды «Болашақ» бағдарламасымен шет мемлекеттерге аттандыруды қолға алды. Бүгінгі таңда сол жастар мемлекеттік маңызы бар компанияларда, мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, ел дамуына сүбелі үлес қосуда. Тоқсаныншы жылдардың басында Елбасы алғаш рет Еуразиялық кеңістік одағы туралы идея айтып, оның жалпыға пайдасын нақты негіздеп бергенде, бірқатар көрші елдер оған күмәнмен қараған еді. Қазір Ұлт көшбасшысының сол салиқалы бастамасы Достастық елдері аумағында күн тәртібінен түспей, көрші мемлекеттердің нақты мақсатына айналып отыр. Айта берсек, мұндай мысалдар жеке бір кітаптың әңгімесі. Осы ретте Елбасы туралы Ұлыбританияның экс премьер-министрі Маргарет Тэтчер ханымның: “Тәуелсіздік алған сәттен бастап Сіздің көрегендік саясатыңыз елді бостандыққа апаратын жолға алып шықты. Пессимистер, бәлкім, сіздің еліңіздің этностық және діни әрқилылығы ұлттарды жанжалдастырмай қоймайды, сөйтіп, Қазақстанды әлсіретеді деп үміттенген болар. Алайда бәрі керісінше болып шықты. Қазақстан өзінің әралуандығының арқасында гүлденіп келеді және өзінің әралуан дәстүрлер мен діни сенімдерге байлығының арқасында қуа­тына қуат қосуда. Сіздер басқаларға үлгі болдыңыздар”, деген сөзі Елбасының  жетістіктерін нақты көрсетеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *