Тәуелсіз Қазақстандағы көптеген реформалар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқаны баршаға белгілі.

Spread the love

Академик М.К. Қозыбаев жетекшілігімен 1995 жылы құрастырылған «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы» сондай бастамалардың алғашқысы болып табылады. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты — мемлекеттің саясатын тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтарын айқындау болып табылады. Бұл тұжырымдама отандық тарих ғылымы алдында көптеген міндеттерді орнатты, солардың қатарына тарихтың өтпелі кезеңдеріндегі орын тапқан оқиғаларды объективті суреттеу, кеңестік дәуір Қазақстан тарихын қайта қарастыру, тарих білімінің негізгі нысандарын анықтау және тағы да басқалар жатады. Келесі қадам, 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылы 30 желтоқсанда жарияланды. Оның аясында көптеген мұражайлар мен ескертіштер қалына келтірілді. Сол кезден бастап елде әр 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өткізіледі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *