Тәуелсіз Қазақстан және Астана

Spread the love

Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне ие: әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік шекара, БҰҰ мен халықаралық жетекші ұйымдарға толық мүшелік. Біздің еліміз көптеген әлем елдерімен екі жақты қатынастарда беделді және жауапты серіктес ретінде танылған. Егемендік жылдары ішінде жаһандық және өңірлік экономикалық жүйелердің бір бөлігі болған динамикалық экономика құрылған, елде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды даму стратегиялары мен бағдарламалары, жобалары іске асырылуда. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – бздің ортақ патриоттық құндылығымыз. Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, барлық қазақстандық экономиканың локомативіне айналды. Тәуелсіздікті қадірлеу және Астананы сүю – Қазсақстан патриоты мен азаматының маңызды сапалары. Жаңа қаланы салу әрбір елге әрине оңайға соқпайтыны белгілі. Бірақ бүгінде Қазақстан қала салу бойынша өз тәжірбиесін жинақтап, үлкен мегаполистердегі проблемалардың алдын-алу бойынша біліктілігі артты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *