Тәуелсіз Қазақстан Халықаралық ұйымдарда өзін қандай ел ретінде көрсетті?

Spread the love

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шы сессиясына қатысып Азиядағы өзара ықпал және сенім шаралары жөніндегі Кеңес шақыру инициативасын ұсынып, ол БҰҰ-ның көптеген мүше мемлекеттері тарапынан қолдау тапты. Бұл ұйым кейін Қазақстанның бастамасымен Алматыда құрылды. Сөйтіп біздің еліміз Орталық Азия аймағында халықаралық қауіпсіздік пен аймақтық тұрақтылықты ұстап тұруға өзінің нақты қосқан үлесімен танылды. Бұл ұйым қазір аймақтаға ең беделді халықаралық ұйым ретінде белгілі. Бастапқы кезде Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар мен басқа елдердегі мүдделерін Ресейдің дипломатиялық өкілдіктері арқылы қорғады. Сыртқы істер министрлігінің территориялық бөлімдердің қызметкерлері жекелеген елдермен қатынасты назарда ұстау, министрлік басшылығына жекелеген елдермен қарым-қатынас жасау туралы ұсыныстар әзірлеу және аймақтық проблемаларды зерттеу мәселелерімен шұғылданды. Сонымен қатар, жекелеген елдер туралы мәліметтер жинау, анықтамалық материалдар әзірлеу, шетелдегі елшіліктерімізбен тұрақты байланыста болу, Қазақстанда тіркелген шетел дипломаттарымен байланыс жасау мәселелерімен айналысты. Қабілетті жас дипломаттар шетелдердегі дипломатиялық академияларға және жоғары оқу орындарына оқуға, білімдерін жетілдіруге жіберілді. Вена дипломатиялық академиясында — 2, ГФР Дипломатиялық академиясының Берлин бөлімінде — 3, Ресей дипломатиялық академиясында — 3 қызметкер дайындықтан өтті. Кейіннен бірқатары Үндістан, Пәкістан, Голландия және басқа елдердін дипломаттар даярлайтын оқу орындарында қысқа мерзімді дайындықтан өтті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *