Тәуелсіз Қазақстан – Халықаралық қоғамдастықтың белді мүшесі

Spread the love

Нұрсұлтан Назарбаев тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде егеменді елдің зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі негізін қалап қана қоймай, жас мемлекетті халықаралық қоғамдас­тықтың белді мүшесіне айналдырды. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қайта құрып, БҰҰ мен Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына қосты. Елде саяси бірлік пен қоғамдық келісім орнатып, мемлекеттігіміздің мызғымастығына кепіл болды. Демократиялық бастамаларды нығайтып, дамудың дара даңғылын қалыптастырды. Аймақтық, жаһандық мәселердің шешілуіне белсенді атсалысып, халықаралық жағдайды реттеу мақсатында жаһан жұртына тың идеялар ұсынды. Халықаралық деңгейде Қазақстанды қарусыздану және жаппай қырып жою қаруын таратпау үдерісінің көшбасшысы, аймақтық және аймақаралық интеграциялық үдерістердің бастамашысы, мәдениет, дін сонымен қатар өркениеттер арасындағы пікіралмасудың модераторы ретінде танытты. Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мемлекетімізді өзге елдер жүз жылда әупірімдеп жүріп жеткен жетістіктерге ширек ғасырда жеткізді.  Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен бірлікті насихаттай отырып, қазақ елін әлем танитын, құрметтейтін және пікірімен санасатын тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Елбасы сыртқы саясатты сәтті жүргізіп, 3 мыңнан астам халықаралық шарттың рәсімделуіне және әлемнің барлық мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұйытқы болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *