Тәтті алманың отаны — Түлкібас

Spread the love

Кеңес дәуірінде Мәскеуге танымал болған Түркістан  облысындағы Түлкібас ауданының алмасы бүгінгі таңда қайта жандануда. Тіпті осы өңірдің брендіне айналдыру жұмыстары жүргізілуде.  Ауданда барлығы 1619,5 га жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 га жерге жылыжай салынған, 4474 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Мұның көбісі соңғы жылдары енгізілген ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында іске асты. «Агробизнес-2020» бағдарламасының шарапатын Түлкібас ауданы молынан көруде. Осыған орай аудандағы өнім көлемі күрт артқан. Әсіресе Түлкібастың алмасын алдағы уақытта көбірек егіп, мол өнім алу бағытында жұмыстар атқарылуда. Ауданның табиғи ерекшелігіне сай қарқынды дамып келе жатқан туризм және ауылшаруашылығы саласы қазір облыс көлемінде ауданнан мол үміт күттіріп отыр. Осыған орай алдағы уақытта Түлкібас ауданында туризм саласы мен алма және сүт кластерін дамытуды қолға алу жұмыстары жүргізілмек. Өткен жылы мамандар «Қазіргі таңда ауданда 2800 гектар жерде алма егіліп, әр гектарынан 4 тонна өнім алынады. Өңірдің бау-бақша егуге қолайлы болуына орай бағбандық шаруашылықты қолға алу міндеті тұр. Осының негізінде биыл тағы қосымша 500 гектар жерге алма ағаштарын егу жоспарлануда», — деген болатын. Алдағы жылдары түлкібастықтар алма бағының көлемін ұлғайтып, Түлкібас алмасын қайтадан еліміз бен алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналдыруды көздеп отыр. Бағбандардың ниеті қабыл болғай дейміз!

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *