Бүгінде жастардың қазақ тілімен қатар, көп тілді қоса меңгеріп, бәсекеге қабілеттігін арттыра түсу өте маңызды. Осы бағытта Түркістан облысының мәдениет басқармасының тапсырысымен «Заманауи қазақша-ағылшынша тілашар», «Қазақша-ағылшынша көрнекі сөздік», «Русский язык для начинающих: элементарный уровень» оқу құралы, «Тілді оқытып-үйретуге арналған әдістемелер жинағы» шығарылды. Аталған кітаптар облыстағы тілдерді оқыту орталықтарына таратылатын болады. Бүгінде облыстағы 17 тілдерді оқыту орталықтарында 4 401 адам тіл үйренуде. Алдағы уақытта тілдік капиталды дамыту бағытында тілдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен салалық сөздіктер әзірлеп, шығару жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.