Түркістан қаласын «Түркістан-Су» МКК пайдаланысындағы екі 1500м3 және 3000м3 қуатты су қоймалары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етуде. 2020 жылы ауыз су жүргізілмеген қала аумақтарына су құбырларын жүргізу жоспары жасалды. Қазіргі таңда жоспарланған бірнеше су қойма құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, биыл ақпан айында сыйымдылығы 5000м3 су қоймасы мен Еңбекші Дихан елдімекеніндегі екі су қойма жанынан сыйымдылығы 10000м3 және 20000м3 болатын екі су қойма құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, «Әкімшілік іскерлік орталығы» мен «Яссы» мөлтек ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер және мемлекеттік мекеме ғимараттарын үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында қуаттылығы 8000м3 тұратын 2 су қойма құрылысы өткен жылы басталған еді. Аталған нысандарды ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Түркістан-Су» МКК мәліметінше, «Мырғалымсай» су көзінен Еңбекші Дихан ауылындағы екі су қоймасына дейін су құбыры тартылған. Аталған су қоймаларының құрылысы аяқталғаннан кейін қала толығымен сумен қамтамасыз етіледі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.