Түркістанда 200 төсек-орынға лайықталған аурухана салынуда

Spread the love

Облыс орталығында 200 төсек-орынға негізделген модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр. Жыл бойынша елімізде 13 модульді инфекциялық стационар салынуы жоспарланған болса, соның бірі Түркістан шаһарындағы нысан болып табылады.

200 төсек-орынның 180-і инфекциялық жұқпалы ауруларға, ал 20 орын реанимациялық ауруларға арналған. Ауруханада цифрлы рентген аппараты, ултрадыбыстық аппараттар және тағы басқа озық үлгідегі техникалар емделушілерге қызмет етеді.

Айта кетейік, нысанның құрылысы жоспарланған аймақта барлық қажетті инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымы бар. Жалпы, инфекциялық стационардың құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталмақ. «Адамның ең басты байлығы әрқашанда оның денсаулығы болды. Бір айта кетерлігі, денсаулық тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның байлығы. Дені сау ұлт қалыптастыру мен адам әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау – әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етуге және өмір сүрудің жоғары сапасына қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік саясаттың сәтті жүзеге асырылуының басты кепілі. Сондықтан халық денсаулығын сақтау және нығайту — Қазақстан Республикасы дамуының негізгі басымдықтарының бірі»

#ГүлденеБерТүркістан
#ХалықтықӘкімдік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *