Түркістан облысының  Төлеби ауданы облыс бойынша сүт өндіруден 1 орынға ие болып табылады. Төлеби ауданына «Сүт өндіруден озат аудан» және «Мақсары өндіруден озат аудан» номинациясына ие аудандардың бірі. Айта кетейік, биыл Төлеби ауданында 14 209 тоннадан астам мақсары мен 17 695 тонна сүт өндірілген. Төлеби ауданында өндірілген сүттің көлемі — Түркістан облысы бойынша 95% құрайды. Мәселен, биыл Түркістан облысы  ауылшаруашылық  саласы бойынша зор табыстарға жетіп,  республика бойынша 2 орынға шыққан. Сонымен қатар, көкөніс, бақша дақылдарынан да рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізген. “Түркістан өңірінде өсірілген 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей мен Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталған. Сонымен қатар  1 миллион тонна бақша өнімі  еліміздің Солтүстік облыстарына жіберілген. Бұған жергілікті дихандар мен шаруалардың сіңірген еңбегі зор.  Сондықтан осы салада белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген  шаруалар түрлі марапатттарға ие болуы қажет”, – деген болатын өңір басшысы.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *