ТҮРКІСТАН: Жетісайлық диқандар зиянкестермен күресті күшейтетін болады

Spread the love

Жетісай ауданында ауылшаруашылығы мамандары бас қосты. Жетісай ауданында егістік алқаптарындағы агротехникалық жұмыстарды сапалы орындау және ағын сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту жөнінде семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды MediaON.kz. Жылысу ауыл округі, Әл-Фараби елдімекеніндегі егістік қонысында өткен шараға аудан әкімі , ауданымыздағы барлық ауыл округ әкімдері, жер мамандары, шаруа қожалықтары, өндірістік кооператив, биолабораториялар мен биофабрикалар башылары, химиялық препараттарды жеткізуші кәсіпкерлер және «Қазсушар» мекемесінің аудандық бөлімшесінің мамандары қатысты. Семинарда сөз алған аудан әкімі алдағы уақытта мақта дақылының зиянкестерімен күрес жұмыстарын күшейтіп, агротехникалық күтіп-баптау шараларын тиімді ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте әкім шаруаларды бірлесіп, ақылдасып, ұжымдасып жұмыс істеуге шақырды. Өйтпеген жағдайда зиянкестермен күрес жұмыстары нәтижесіз болмақ. Сондықтан шаруалар зиянкестермен күресте сапалы препараттар мен биотәсілдерді қай кезеңде қалай жүргізу керектігінен хабардар болуы тиіс.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *