Түркістан облысы Түлкібас ауданында балық шаруашылығы қарқынды түрде дамып келеді. Қазірдің өзінде осы кәсіппен 4 шаруа қожалық айналысуда. Бүгінде олардың қатарына тағы толығып отыр. Атап айтсақ, «Дос» шаруа қожалығы биылдың өзінде 1 гектар жерге жасанды көл жасап, оған 14 мың дана балық шабағын жіберді. Оның 4 мыңы — ақ амур, 6 мыңы — сазан, қалғаны дөнмандай балығының (толстолоб) шабақтары. Қожалық төрағасы Қайырғали Тойболов бұл кәсіппен шектелмей, бизнес ауқымын кеңейтуді қазірден жоспарлап отырғанын айтты.

«Жоспар ойдағыдай жүзеге асып жатса, алдағы уақытта бұл аймақты демалыс орнына айналдыруды ойластырып отырмыз. Қазірдің өзінде жасанды көлдің аумағын қоршап, абаттандыру жұмыстарын жүргізуді бастап кеттік. Ойымыз іске асса, табиғаты тамаша бұл жерді тиімді пайдаланған болар едік», – деді Қ.Тойболов.

Айта кетейік, бұл кәсіппен айналысатын азаматтарға балық шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында тиісті көмектер беріліп келеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.