ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРЕДІ

Spread the love

Түлкібас ауданы Састөбе кентінде биыл жаңа емхана құрылысы бастау алмақ. Күніне 70 адамға дейін қабылдауға қауқарлы емхана құрылысына облыстық бюджет есебінен 404 млн теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, орталық аурухананың перзентхана, неврология және гинекология бөлімдерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, жаңа асхана құрылысы іске аспақ.

Өткен жылдан өтпелі болып күрделі жөндеуден өтіп жатқан ғимараттар бір мезетте 270 науқасты қабылдауға қауқарлы. Яғни, 270 төсек орны бар. Бұл жерде ғимараттардың ішкі және сырты әрлеу жұмыстарымен қатар есік, терезелері ауысып, жылу жүйесі толығымен жаңартылуда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу мақсатында барлық жағдайлар жасалынбақ.

Орталық аурухананың басты түйіткілді мәселесі — ауыз су құбырларының ескіруі болған. Бұл мәселе де өз шешімін тауып, аурухана аумағындағы барлық ескі құбырлар жаңартылып, ауыз су жаңа жүйеге қосылып отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *