ТҮРКІСТАН: САЛ АУРУЫН ЕМДЕЙТІН «ГРОСС ТРЕНАЖЕРЫНЫҢ» АВТОРЫ САЙРАМҒА КЕЛДІ

Spread the love

«ДАРА» қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту бағдарламасының қолдауымен Сайрам ауданының №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Гросс тренажерін» орнатты. «Гросс тренажері» — қимыл-қозғалысы бұзылған балаларға қозғалуына мүмкіндік береді, тіпті дамуына көп мүмкіндік беретін ерекше құрылғы. Бұл тренажер тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, дамуына, қозғалуына және жазықтықта айналуына мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты- мұндай тренажерлерді Қазақстан бойынша психологиялық кабинеттерге орнату тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, отбасыларына басқа қалаларға бармай-ақ, баланы тұрғылықты жері бойынша оңалту мүмкіндігі орнайды. Тренажердегі сабақтар әрқашан жарқын эмоционалды түске ие, бала және оның отбасы тамаша эмоцияларға бөленеді. Енді мамандар тренажердің көмегімен балалардың тепе-теңдікпен дұрыс жүру, қауіпсіз қозғалыс дағдыларын дамыту бөтен адамның көмегінсіз тепе-теңдік сезімін дамыта алады.

Балалардың қозғалыс маторикасын дамыту басқа дағдыларды дамытады, мысалы, есту-сөйлеу және интеллектуалды даму. Гросс тренажерындағы жаттығудың нәтижесінде, баланың әртүрлі кедергілерден қорқуын сейілтіп, кеңістікте қозғалысын дамытады.

Тренажер авторлары Гросс Юхан Артурович пен Гросс Артур Юханович Сайрам ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде тренажер орнатып, ППТК мамандарына, ата-аналар мен осы мәселеге қызығушылық танытқандардың барлығына оқыту семинарында кеңес берді. Бүгінгі таңда «Дара» қоры Қазақстан бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде 20 Гросс тренажерын орнатты. Юхан Гросс кәсіби спортшы, отыз жыл бұрын конькимен сырғанаушыларды оқытуға арналған тренажер жасауды бастаған. Бірақ кейінірек, патенттік зерттеу барысында оның тренажеры тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуда тиімділігін көрсетті. «Гросс тренажері» патенттелген, Медициналық және спорттық тренажердің алғашқы модельдері 1991 жылдан бастап жұмыс істейді.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті-бұл кез-келген ерекше бала мен оның отбасы білікті мамандар командасының көмегін алатын арнайы білім ұйымы. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттердегі тұрғылықты жері бойынша барлық қызметтер тегін беріледі. ППТК 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді. «Дара» қоры-жобаларды іске асыратын қайырымдылық жеке қор, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады.

MediaON ақпарат орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *