Осы ретте компания инвестициялық жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде ҚР АШМ анықтаған басым бағыттардың кеңейтілген спектрі бойынша Ұлттық қордың қаражаты есебінен жоспарлайды. Егер бұрын қаржыландыру мөлшерлемесі 6%-ды құраған болса, қазір ол 5,5%-ға дейін төмендетілгенін атап өту қажет. Әңгіме мына бағыттар туралы:

-ет бағытындағы құс фабрикаларының қуаттылығын арттыру және жаңарту;

-сүт-тауарлы фермалар, асыл тұқымды мал өндірісінің орталықтарын қоса алғандағы репродукторлар құру;

– суару жүйелерін қолдану арқылы жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарының өндірісін құру;

– өнеркәсіптік жылыжайлар, астық және көкөніс қоймаларының және көлік-логистикалық орталықтарының құрылысы және т.б.

Жалпы 2020 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры аталған бағыттар шеңберінде 14,5 млрд. теңге сомасына  4894 жобаны қаржыландырды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында  – 7,5 млрд.теңге сомасына 2283 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылдың  I жарты жылдығының қорытындысы бойынша АӨК қолдауға 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттары бойынша Холдингпен  102,9 млрд. теңге бағытталды. Шамамен 7 мың агроөнеркәсіп кешені субъектісі қаржыландырылды, ол жұмыс орындарын сақтауға және 11 мың адамға жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік  берді.  Холдингпен агросекторды несиелеудің жалпы көлемінің  88,3%-ы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі екендігін атап өту қажет  (90,2 млрд. теңге).

 

Холдинг тарапынан агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі ағымдағы жылы 316 млрд.теңге деңгейінде жоспарланады, ол 2016 жылғы деңгейден  24%-ға артық (255 млрд. теңге).

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *