Бірінші кезекте халықтың аз қамтылған бөлігін баспанамен қамту керек. Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын іске асыруға арналған актив жиынында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Өңір басшысы жолдауда айқындалған бағыттарға тоқталып, жергілікті билікке нақты тапсырмалар жүктеді. Қазір аймақта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 64 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы журіп жатыр. Жыл соңына дейін 2 613 пәтерлі, 50 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Айта кетейік, жақында ғана Түркістан қаласында 660 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын тойлап жатқандардың барлығы көпбалалы және тұрмысы төмен жанұялар. Бүгінде Түркістанда 10 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Олардың 4 жарым мыңы тұрмысы төмен отбасылар болса, 2500-і көп балалы аналар. Тағы 2 жарым мыңы бюджеттік сала қызметкерлері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Әбутәліп Асанов, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы: — Мынау «7-20-25» бағдарламасы аясында коммуналдық үйден бөлек құрылыс жүріп жатыр. Мынау Алматыдан келген және түркиялық инвесторлар осы бағдарлама аясында 50-ге тарта үйдің құрылысын бастады. Ол енді 2020 жылы пайдалануға берілетін болады. Осы категория бойынша: « Президент жолдауы азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды – Н.Мендкович «7-20-25» бағдарламасы бойынша ең төмен көрсеткіш Қызылордаға тиесілі »

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *