Түркістан облысында 2020 жылы 41 ойын бизнесі анықталып, жұмысы тоқтатылды. Оның 14-і Түркістан қаласында. Ал ағымдағы жылы қазірге дейін облыс көлемінде 14 заңсыз ойын бизнесі құрықталған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Нұржан Нұрғабылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҚР Қаржылық мониторингі Агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің міндеті – жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, тергеп-тексеру.

«Түркістан облысы бойынша 2020 жылдың 12 айында барлығы 127 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 99 қылмыстық іс өндіріспен аяқталса, 82-сі сотқа жолданған. Ақтамайтын негіздермен тоқтатылған қылмыстық істер саны – 17. 2020 жылдың 12 айында Департаментпен мемлекетке өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша келітірілген залал соммасынан жалпы 525 млн теңге мемлекетке қайтарылған», — деді Нұржан Талғатұлы.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.