ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА ТҰР

Spread the love
Түркістан облысында «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Шардара ауданындағы облыстық маңызы бар «Шардара-Арыс-Темірлан» бағытындағы автомобиль жолындағы орташа жөндеуге қатысты бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру жұмыстарын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Түркістан облысы филиалының «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК, техникалық қадағалаушы және мердігер мекеме өкілдерімен бірлесіп жүргізді. Нәтижесінде бірнеше сынамалар алынып, орын алған ақауларды қалпына келтіру жұмыстарының қажеттігі анықталды. Қазіргі таңда, анықталған ақаулықтарды жою бойынша тиісті шаруалар атқарылуда. – Айта кетейік, Түркістан облысында барлық жол мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 16 746 шақырымнан асады. Биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 37 млрд теңге бөлу жоспарланып, оған 869 шақырым жол мен елді мекен көшелерін жөндеу көзделіп отыр. Орталық арнайы жылжымалы зертханамен қамтылған. Мамандар соның көмегімен мыңнан аса кемшілікті анықтағандарын айтады. Нәтижесінде тапсырыс беруші мен мердігерлерге тиісті талап қойылып, ақыры сапасыз салынған жолдың 94 мың шаршы метрі қайта төселген. Өткен жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 74 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деп танылса, биыл бұл көрсеткішті 77 пайызға жеткізу көзделуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *