ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 3 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Spread the love

Келес ауданына 2021 жылы 3 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Үш мектептің құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржы бөлінген. Олар Ошақты ауылдық округіндегі №46 Абай атындағы мектеп ғимаратына жаңа 300 орындық оқу корпусының құрылысымен қатар, спорт залы және асхана құрылысы қатар жүрмек. Сонымен қатар, Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ елдімекеніндегі 300 орындық М.Горький атындағы орта мектептің құрылысы 2021 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Келер жылдың ішінде Қошқарата ауылдық округіндегі Жамбыл елдімекеніндегі №29 жалпы орта  мектебінің құрылысы да аяқталмақ.

Одан бөлек, тағы 7 мектептің құрылысына қажетті қаржы бөлінуі үшін құжаттар жолданды. Ал аудандағы  мәдениет және спорт салаларын дамыту мақсатында тағы 6 құрылыс нысанын салуға тиісті құжаттар дайындалды. Биыл Келес ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 23 жобалық сметалық құжаттамалар дайындалды. Бұл жобалар да келер жылдың еншісінде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *