Жетісай ауданы Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінде ауылшаруашылық жануарларының күзгі «Энзотиялық» аурулардың алдын алу бойынша ірі малдарды бүрку жұмыстары жүргізілді. Жалпы Ділдібеков ауылдық округінде 4147 ірі малдар (жылқы, түйе, ірі қара) бар. Бүгінгі бүрку жұмыстарына 317 бас ірі қара (сиыр) әкелінді. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен ірі малдардан бөлек ұсақ малдарды да тоғыту бойынша жұмыстар жүргізлетін болады. Бүрку жұмыстарын Жетісай ауданы «Ветеринарлық қызмет» МКК мамандары жүргізді Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша ауылшаруашылығы жануарларының «Энзоотиялық» аурулардың алдын алу жұмыстарының орындалу мақсатында аудан бойынша бүгінгі таңда ірі қара малдарды бүрку 10 пайызға, ұсақ малдарды тоғыту 35, үй іргелік қора-жайлар мен жапсарлас аумақтарын залалсыздандыру 52, мал иірімдері мен суаттар, бұталар 10 пайызға орындалған. Қазіргі уақытта ірі қара малдар мен ұсақ малдарды Дизицип препаратымен бүркіліп, тоғытылды. Ал, үй іргелік қора-жайлар мен жапсарлас аумақтарын және мал иірімдері суаттар мен бұталарды Инсектоакрицидтік препарат ұнтағымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде
Медиаон ақпарат