Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында, облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Алтын бұлақ» базарында және Отырар ықшамауданында санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жәрмеңке өткізілді.

Халыққа тиіміді бағада облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастырумен жәрмеңкеде 14 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылымға шығарылды. Оның ішінде: (ұн – 130 тг, қант – 205 тг, картоп – 89 тг, сәібіз – 76 тг, пияз – 56 тг, рожки – 186тг, күріш – 245 тг, тұз – 43) теңгеден сатылды.

Облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолжетімді жасау мақсатында, Түркістан қаласының аумағында орналасқан 13 әлеуметтік дүкен мен 5 ірі супермаркетте күнделікті ұн – 130 тг, қант – 205 тг, картоп – 89 тг, сәібіз – 76 тг, пияз – 56 тг, рожки – 186тг, күріш – 245 тг, тұз – 43 теңгеден екенін хабарланады.

Азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз өскен жағдайда, өсуінің себептерін анықтау бойынша облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне тапсырма берілді. Бағаны қолдан өсіргендерге тиісті шаралар қаралған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.