ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ САЯБАҚТАРДА ТЕГІН ҒАЛАМТОР ЖҮЙЕЛЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Spread the love

Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғындарының енді кез-келген уақытта ғаламторды тегін пайдалануына мүмкіндігі бар. Себебі, қаладағы төрт сабақта тегін Wi-Fi желісі орнатылды. Атап айтсанда, желі «Дендросаябақ», «Батырлар аллеясы», «Арбат», «Жастар» саябағында іске қосылған.
Жүйе 20 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейді. Лимитсіз желіні орнату жұмыстарын «Транстелеком» компаниясы жүргізген.
Аталған жоба облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер  басқармасы мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Саябақтарға серуендеуге барған тұрғындар арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұмытпау қажет. Сонымен қатар, тегін Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған. Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Есесіне уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Сандық технологиялар көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Үкімет ұсынған қызметтерге бизнес пен халық еркін қол жеткізеді, ақпарат алмасу жылдамдығы артты, жаңа бизнес бағыттарын қалыптастырып, жаңа сандық өнімді құрастыруға мүмкіндік туды. Еліміздегі ауқымды бағдарламалардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» жобасы. Оның басты мақсаты – халықтың тұрмысындағы сандық экожүйенің даму үрдісін жеделдету арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *