ТҮРКІСТАН: АГЕНТТІКТІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ӨҢІРЛІК ҚОЙМАНЫҢ БҮГІНГІ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Spread the love

Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында Қазақстандағы Бірыңғай дистрибьютор республикалық және жергілікті деңгейлерде дәрі-дәрмек сатып алу және тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда.

Осы орайда, Түркістан өңіріне арнайы ат басын тіреген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы «СК–Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы өңірлік  қоймасына  арнайы барып, пандемияның екінші толқынына дайындық барысымен танысты.

Бақылау барысында қауіпті індетке қарсы қажетті дәрілік препараттар, атап айтсақ «Парацетамол», «Риварокс», «Новиган-нео», «Прадакса», «Эликвис» дәрілері қорда жеткілікті деңгейде екендігі және өңірлік дәрілік қоймаға апта сайын Шымкент қаласындағы бірыңғай дистрибьютор Хабынан  дәрілік заттар мен антибиотиктер, сондай-ақ ковидке қарсы дәрі-дәрмектермен апта сайын толығып отыратыны белгілі болды.

Өңірлік қойманың бүгінгі жәй-күйімен танысқан Агенттіктің Департамент басшысы Ғанижан Асанұлы дәрі-дәрмектердің толықтығын жіті бақылап,  алдағы уақытта  сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің емдеу орындарына жеткізілу барысында ешбір кедергілердің болмау қажеттігін жеткізді.

Айта кетсек,   Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментімен  СК–Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы өңірлік  қоймасына және  дәрі-дәрмектердің баға тұрақтылығы мен дәрілік заттардың мемлекеттік емдеу орындарына толық тасымалдануына  тұрақты негізде  мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *