Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі  жылдық жоспары – 43 287 млн теңге

Spread the love

Аудан көлеміндегі 2020 жылға егістік құрылымы бойынша  барлық егістік жер көлемі  — 63 194 га, қазіргі таңға игерілгені  — 58 426 га, яғни – 92,4 %. Қалған 4768 га егісті сәуір айының 31 жұлдызына дейін аяқтау жоспарлануда.

1 жерден 2-3 өнім алатын ШҚ-дың ауыл округтері бойынша  әрбір ауылдық  округтен 11 жобадан іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында 154 шаруашылықтың тізімі жасақталып, 2020 жылдың 25  сәуіріне дейін көкөністерді егіп, аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі күнге  127 Ш/Қ 204,9 га  жерге көкөніс, бұршақты дақылдар, картоп отырғызылды, оның ішінде: 35 Ш/Қ 84,3 га  жерге бұршақ дақылдар; 26 Ш/Қ 38,5 га  жерге картоп; 66 Ш/Қ 82,1 га  жерге көкөніс отырғызылды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар – жоспары — 3 000,0 млн тг, орындалғаны – 25,80 млн тг, яғни 0,86 %. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар жоспары -600 млн тг, орындалғаны -2,7 млн тг, яғни 0,45%. Тамшылатып суару әдісін ендіру- 500 га, орындалуы -81 га, яғни 16,2%, жүзім шаруашылығын дамыту -50 га- орындалуы – 3 га, , яғни 6  %.

10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын салу  жоспар — 74 бірлік, орындалуы -64 бірлік, яғни 86,5%,  шағын жанұялық сүт фермаларын салу жоспар-23 бірлік, орындалуы – 22 бірлік, яғни 95,7%.

Аналық ІҚМ тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесін арттыру  жоспары -12700 , орындалуы- 800, яғни 6,3%.

Шағын отбасылық құс фермаларын салу, жоспары-1 бірлік, Орындалуы Тастұмсық а/о «Таза табиғат ЛТД»  ЖШС арқылы іске асырылады деп  жоспарлануда. Сүт өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу, 1 бірлік, орындалуы -0. Экспортталатын ірі қара мал еті, 500 тн, көкөніс өсірудің Израильдік технологиясын үй іргелік жерлерге енгізу бойынша ауыл, кент округтерінен тізімдері жинақталып, жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген жанар-жағар майдың сәуір айына  нақты бөлінгені – 585 тн, алынғаны 349 тн, яғни -59,7%.

Қарқынды бау шаруашылығын дамыту – 100 га, орындалуы -78 га, яғни 78%. Жаңғақ шаруашылығын дамыту жоспар -150 га, орындалуы – 132,5 га, яғни 88,3%, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша жоспар – 61 дана, орындалуы — 27 дана,  яғни 44,3%.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *