СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТТІ

Spread the love

 Жуырда Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Túrkіstan — adaldyq alańy» Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша барлық мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындары мен кәсіптік – техникалық білім беру ұйымдарының қатысуымен онлайн жиын өтті. 

Конференция жұмысына Түркістан облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, Республикалық «Sanalyurpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бахытжан Мұхамеджанов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Жанат Момынқұлов, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің Рухани жаңғыру және тәрбие департаменті директоры Лаззат Динашова қатысты. 

Жиын барысында «Саналы ұрпақ — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің бастауы», «Білім саласында сапаны қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың  жолы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: парасаттылық және комплаенс», «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері туралы» және т.б. тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Мәселен,ТжКБ және орта білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» клубтарының қызметіне тоқталған обыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан облысының 62 колледжінде «Саналы ұрпақ» клубтары құрылып, аталған клуб мүшелігіне 2848 білім алушы енгендігі туралы баяндады. 

Клуб жұмысындағы басым бағыттарды іске асыру үшін: ата-аналар  арасында сауалнамалар; «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында І курс білім алушылары арасында және «Мұғалімдер студенттер көзімен» колледж оқытушыларның қызметін бағалау жұмыстарын жүргізу бойынша студенттер арасында анонимді сауалнамалар; 

«Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті», «Саналы ұрпақ – ел болашағы», «Саналы ұрпақ — сенімді болашақ» тақырыбында тәрбие сағаттары, кездесулер, адалдық сағаттары мен «Таза сессия» акциялары ұйымдастырылды. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалаймыз», «Ізгілік елшілері», «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыптарында  видеороликтер түсірілді.

Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің және «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен «Әмиян жоғалттым: оны қайтару мүмкіндігі қай елде басым?» тақырыбында челендж, флешмобтар ұйымдастырылды.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбындағы сурет көрмелері, «Парасаттылық мектебінің» мүшелерінің «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты сурет battle байқауы өтті.

 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ парызымыз!», «Елбасы жолы өнеге!», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер көзқарасымен», «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» және т.б. тақырыптарда дөңгелек үстел, семинар, тренингтер;

«Басты ұстаным – әділдік, парасаттылық және сенім», «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» эссе байқаулары; 

Колледждерде үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» бұрыштары құрылды.

Қамқоршылық кеңестің қолдауымен «Жүректен жүрекке», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» атты акциялары;

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті үздіксіз қалыптастыру жұмыстары қарқынды өткізіліп, әлеуметтік желілерде таратылуда.

Олайн конференция соңында Кәсіптік – техникалық білім беру ұйымдарының басшылары мен қала аудандардағы адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшілері мен  студенттік клуб белсенділері және «Түркістан – адалдық алаңы» өкілдері келелі кеңес, пайымды ой пікірлерімен бөлісті.

   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *