ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫҢ ВИРТУАЛДЫ 3D КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Spread the love

Интерактивті карта текстуралық карталардың сүйемелдеуімен қаланың негізгі магистральдары мен басты көшелерін, жасыл желектері мен бизнес, тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ барлық туристік нысандарды көрсете алады.

Осылайша қаламыздың қонақтары мен тұрғындары 3D тур-маршруттары арқылы мегаполисті есте қаларлықтай визуалды тамашалай алады. Аталған карта Шымкент қаласының TOП-30 туристік нысандары туралы толық ақпаратпен қамтылған.

Виртуалды карта 3 бағытта, яғни 3D карта, виртуалды тур және виртуалды гид бөлімдері бойынша жұмыс істейді.

Құралдың негізгі функциясына тоқталсақ, орналасқан объектілерді жылжыту, айналдыру, масштабтау, виртуалды турдан өту және объект туралы толық ақпарат алу, қаланың магистральды көшелерінің атаулары туралы ақпарат алу қызметі бар.

Шаһардың көрікті нысандарының иллюстрациясымен суреттелген 3D карта Шымкент қаласының интерактивті таблолары (дисплейлері) мен туристік ақпараттық порталына (мобильді қосымшасы) орнатылған.

Сондай-ақ, аталған 3D карта туристер мен тұрғындар жиі баратын 7 орында: «Арбат» пен Туристік ақпараттық орталықта, саябақтарда, әуежай және теміржол вокзалдарында бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *