ШЫМКЕНТТЕ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ «САЙЛАУ» ЕСІМДІ 57 АЗАМАТ БАР

Spread the love

 

Бүгін ел азаматары ҚР Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына дауыс беріп, өз таңдауын жасауда. Шымкент қаласының сайлау комиссиясының мәліметінше, қала аумағындағы 312 сайлау учаскесіне 617 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген.

Ал мемлекеттік жеке тұлғалар базасының деректеріне сүйенсек, дауыс беру құқығына ие шымкенттік «Сайлау» есімді 57 азамат бар екен. Солардың бірі – Сайлау Медеубаев.

– Мен 1994 жылы 7 наурыз – ҚР Жоғарғы Кеңес сайлауы өтіп жатқан күні дүниеге келгем. Есімімді сол үшін Сайлау қойған. Қазақта «Атыңа затың сай болсын» деген аталы сөз бар. Сайлау есімін арқалап жүріп, өзім сайлауға қатыспағаным ұят болар деп, бүгін алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Жалпы өзім жеке кәсіпкермін. Жас бизнесмен ретінде қала экономикасының дамуына, шаһардың гүлденуіне өз үлесімді қоссам деймін. Осы орайда Шымкент қаласында жеке кәсіп иелеріне жергілікті билік тарапынан қолайлы жағдай қалыптасып, қажетті қолдау көрсетілуде, — деді Сайлау Нақыпбекұлы.

Айта кетейік, дауыс беру учаскелерде кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Бекітілген тәртіп бойынша, дауыстарды 12 сағаттың ішінде санап шығу қажет. Ал Орталық сайлау комиссиясы жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялауы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *