ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТАН 169 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Spread the love

Өткен тәулкте covid-19 инфекциясын жұқтырған 169 жағдай (127 симптоммен, 42 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 65 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 104 адам үй бақылауына алынды. бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 8626 адам вакцина алды (I компонент-5288, II компонент-3338.) Егу науқаны басталғалы барлығы 320 623 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 194 266 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.

МедиаON ақпарат  орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *