ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНІҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

Spread the love

 

Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Диспетчерлік қызмет орталығы бірлесіп, жаңа жобаны қолға алмақ.

Бұл жобаның мақсаты — қоғамдық көлік өкілдерінің көлік жүргізу кезінде мәдениет пен қауіпсіздік деңгейін арттыру, қоғамдық көлік жүргізушісінің имиджін жақсарту.

Жобаға қатысқан жүргізушіге міндетті түрде сертификат беріледі. Айта кетерлігі, сертификатсыз қоғамдық көлік жүргізушісі ретінде жұмысқа орналаса алмайды.

Егер жүргізуші сертификат алғаннан кейін еңбек тәртібін бұзуды жалғастырса, онда ол қайта аттестатциалаудан өтуге міндетті болады. Этикалық нормалар мен еңбек тәртібін бірнеше рет бұзған жүргізушілер келешекте «қара тізімге» енгізілетін болады. Бұл тізімде тұрған жүргізуші қоғамдық көлік жүргізушісі ретінде жұмысқа қабылданбайды.

— Қазіргі уақытта қоғамдық көлікке байланысты бірқатар маңызды мәселелер бар. Осы орайда жолаушылар мен жүргізуші арасында қандайда бір мәселелер орын алса немесе қосымша сұрақтарыңыз болса Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 24-75-17 нөміріне хабарласуларыңызға болады немесе transport.shym инстаграмм парақшасына қалдырсаңыздар болады, — дейді сала мамандары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *