ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Spread the love

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында көп қабатты 185 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов 9 айдың қорытындысы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновке берген есебі барысында баяндады.

Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, «Строи.ком «Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 ауланы абаттандырып, тұрғындардың игілігіне берген. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 49 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға республикалық бюджеттен 1 миллиард 178 миллион теңге бөлінген. Бүгінде бұл жұмыс та толығымен аяқталып, жаңарған аулалар тұрғындардың пайдалануына берілді.

Мұнан бөлек Әл-Фараби ауданындағы 36 қөп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Агроспецмонтаж» ӨК-і жұмысты қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, аудан аумағындағы 672 көп қабатты тұрғын үй бар. Олар 400 аулаға біріктірілген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *