ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ «ЖАСЫЛ» АЙМАҚҚА ӨТТІ

Spread the love

Шымкент қаласы эпидемиологиялық ахуал бойынша «жасыл» аймаққа өтті. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

Басқарма басшысы алдымен эпидемиологиялық жағдайдан хабардар етіп, тұрғындар сауалына жауап берді. Эфир барысында тұрғындар негізінен вакциналау, дәрі-дәрмек алу жөнінде сауалдарын жолдап, толыққанды жауап алды.

Бір сағатқа созылған тікелей эфир кезінде Б. Позилов вакциналау жұмыстарына ерекше тоқталып, қалыпты өмірге оралу үшін профилактикалық шаралардың маңыздылығын атап өтті.

– Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 62 жағдай тіркелді. Қаладағы эпидемиялық жағдай тұрақталып келеді. Бүгін қала «жасыл» аймаққа өтті. Жағдайдың тұрақталуына екпе егу жұмыстарының қарқынды жүргізілуі себеп болды. Шымкент еліміз бойынша вакцинациялауда алғашқы үштікте орналасқан. Қалада 43 вакциналау пункті бар, –деді Б. Позилов.

Айта кетсек, өткен тәулікте 2 016 адам вакцина салдырды: I компонент – 858, II компонент – 1158. Егу науқаны басталғалы барлығы 171 468 адам вакциналанды. Оның ішінде 77 515 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *