Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өткізіліп, бірқатар маңызды мәселелер күн тәртібінде талқыланды. Атап айтқанда

Қ.Р Президенті Қ.К.Тоқаевтың 16-Наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауына байланысты еңбек ардагері Н.Ибрайм толыққанды баяндама жасап өтті. Баяндамадаға қатысты еңбек ардагерлері Қ.Ілесов қосымша баяндама жасап, Т.Ағманұлы, Ж.Төлешева, О.Ақбердиев, Ж.Жаңабаевтар пікірлерін білдірді. Мұнан соң пленум күн тәртібіне байланысты аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Т.Бердібековтің 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды. Төраға баяндамасынан соң С.Мергенбаев, Ж.Есімов, және Д.Өзденбаевтар пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Пленумда қаралған мәселелерден басқада еңбек ардагерлері пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, тиісті қаулы қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.